Кітапхана тарихы

2000 жылы Қазақстан Халықтар достығы  университетінің ірге тасы қаланды. Университет президенті және негізін қалаушы  Нью-Йорк (АҚШ), ғылымдар академиясының, Ресей педагогика  психология  ғылымдары академиясының  және ҚР жаратылыстану  ғылымдары академиясының академигі, Халықаралық шығармашылық академиясының академигі, П.Капица атындағы Халықаралық  сыйлықтың лауреаты, ҚР «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», химия ғылымдарының докторы, профессор  Әбдімұса Мұратұлы Қуатбеков. Университет ашылған күннен бастап,  кітапханасының кітап қорын толтыру үшін, сол кездегі кітапхана меңгерушісі Аблаева Роза Абылайқызы және кітапхана қызметкерлері орасан  зор еңбек етті. Университет басшылығының қолдауымен кітапхана қорын молайтуға, оқырмандардың оқу процесіндегі  сұраныс-ізденістерін қанағаттандыруда, кітапхана қызметкерлері мәдени қызмет етті.Оқу процесіне қажетті оқулықтар, монографиялар, ғылыми еңбектер мен электронды оқу құралдарымен  жабдықталған, кітап қорын молайту мақсатында көптеген іс-шаралар  атқарылып келеді. Осындай іс-шараларды жүргізудің  нәтижесінде, кәзіргі таңда  2013 жылдан бастап  Қазақстан инженелрлі-педагогикалық  Халықтар достығы университеті деген атқа ие болып, университетіміз  үлкейіп,  көркейіп, кітапханаларымыздың көлемі мен кітаптар саны артып, кітапхана қоры толық қамтамасыз етіліп, жыл сайын кітапхана қорына  жаңа кітаптар, оқулықтар, электронды оқулықтар мен оқу кешендерімен толықтырылып отыр. Барлық кітаптар  мен оқулықтар қоры дәстүрлі каталогтарда көрсетілген: алфавиттік, жүйелік және электрондық.  Электрондық каталог «Ирбис» бағдарламасы бойынша жүргізіледі.     Оқырмандардың  білім деңгейін  жан-жақты көтеру мақсатында түрлі ғылыми кітаптарға әдеби кештер, конференциялар, ай сайынғы атаулы күндерге  кештер өткізіліп отырады.    Жалпы кітапхана үш оқу залынан және  электронды оқу залы, төрт абонемент бөлімнен тұрады. Кітапханада төрт  қызметкер жұмыс жасайды. 2007 жылдан бастап 2016 жылға дейін кітапхана меңгерушісі болып Рысбаева Гүльмира Мамырбекқызы қызмет атқарды . 2017 жылдан бастап кітапхана меңгерушісі болып Одаманова Ардақ Расиқызы қызмет атқаруда.     Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетінің кітап қоры өз саласындағы  мамандықтар бойынша оқулықтармен студенттерімізді қамтамасыз етіп отыр.  Оқу залдарында компьютерлермен жабдықталған Интернет желісі, электронды почта WEB – сайтқа қосылған Студенттер өздеріне қажетті ақпараттарды  «Интернеттен» тегін алып пайдалануға толық мүмкіншілік жасалған. Кітапханамызда  анықтамалық – библиографиялық  және ақпараттық жұмыстар жүргізіліп отырады. Сонымен қатар Thomson Reuters компаниясының ақпараттық  электронды  ресурсының базаларына қосылған  шектеусіз онлайн бағытында. Республикалық ғылыми- техникалық кітапханасының  Акционерлік  қауымдастығының  Оңтүстік Қазақстандағы филиалы ақылы түрде қызмет   көрсетеді,ақысы төленіп келісімшарт уақытылы ұзартылып отырады.

1.Оңтүстік  Қазақстан облыстық ғылыми-әмбебап «Отырар» кітапханасы (2018 жылдың 16 сәуір айындағы келісім  шарты)

  1. А.С.Пушкин атындағы обылыстық әмбебап ғылыми кітапханасы (2018 жылдың 05 сәуір айындағы келісім шарт)

3.М.Әуезов атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университетінің  білімдік  ақпараттық  орталығы(2018 жылдың 05 сәуір айындағы келісім шарты)

  1. Республикалық Жоғары оқу арасындағы электронды кітапханалармен (РМЭБ)

( 2018 жылдың 03 қаңтар айындағы келісім шарты)

  1. Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі

( 2018 жылдың  сәуір айындағы келісім шарты )    осы ресурстардың барлығы бүгінгі  заманғы білім беру  және ғылыми ресурстармен толық қамтамасыз етіп отыр

Кітапханада қазіргі кезде 4 қызметкер жұмыс  жасайды.