«Web of Science көмегімен басылымға журналды қалай таңдау керек»

2023 жылдың 6 сәуірінде Академик Ә.Қуатбеков атындағы ХДУ-нің ақпараттық білім беру орталығы, ғылым және инновациялық жұмыстар бөлімімен бірлесе отырып, ТМД елдеріндегі Clarivate компаниясының ресми өкілі, ғылымиметрия маманы, атом электр станцияларына арналған құрылымдық және функционалдық материалдар саласындағы зерттеуші. Web of Science Core Collection дерекқорындағы 74-тен астам мақаланың авторы – Кенжина Инеш Ерғазықызымен «Web of Science көмегімен басылымға журналды қалай таңдау керек» атты тақырыбында, семинар ұйымдастырды.Web of Science –  ғылымиметрия бойынша ең үлкен іздеу желісі. Ол 33 000-нан астам журналдар мен 5 000 веб-сайттарды, олардың беттерінен басылымның тақырыбын, реферат пен библиографиялық мәліметтерді қамтитын база.Сlarivate – 2016 жылы құрылған тәуелсіз американдық компания, ол өз қызметтеріне жазылу есебінен қаржыландырылатын деректер қорын, ақпараттық жүйелерді және зияткерлік меншік жинақтарын басқарады.Семинардың мақсаты – өнер, жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық пәндер саласындағы ақпаратты жылдам табуға және талдауға мүмкіндік беретін Web of Science халықаралық ғылымиметриялық деректер базасы туралы АББО оқырмандарын қосымша ақпараттандыру. Бұл өнімнің әзірлеушісі Thomson Reuters болып табылады. Жүйені пайдаланушылар ең танымал мерзімді басылымдар мен басқа да әлемдік басылымдарда жарияланған әлемдік ғылым мен техниканың маңызды жетістіктеріне қол жеткізуге мүмкіндік беретін деректер базасы.Семинарға, университеттің ғылым және инновациялық жұмыстар жөніндегі проректоры, т.ғ.д., профессор, Раимбердиев Талжан Пердешұлы, профессор-оқытушылар, факультет декандары, кафедра меңгерушілері мен магистранттар қатысты.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған