Қазақтың тұңғыш ғылым академигі – Қаныш Сәтпаевтың туғанына 125 жыл.

🔹️Бүгін академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Кітапхана бөлімінің ұйымдастыруымен  ұлт қайраткері Қ.Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай «Өнегелі өмір» атты әдеби-танымдық кеш өтті.

🔹️Шараның мақсаты, кеш арқылы жастардың бойында патриоттық сезімдерін ояту,  кітапқа  деген жастардың қызығушылығын арттыру.

🔹️Жиынды, оқу ордамыздың тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Бердіқұл Қадірқұлұлы Садықов ашып беріп, бүгінгі таңда еліміздің өркендеуі жолында еңбек еткен ұлт жанашырларын еске алып, олардың өнегелі өмірін жастарға насихаттау ұлы іс екендігін атап өтті.

🔹️Сонымен қатар, жиынға Алматы қаласы Қ.Сәтбаев университетінің Сәтбаев танушы ғалымы Аспандияр Әденұлы Өмірбеков ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысып, бірқатар тың деректермен бөлісті.

🔹️Шарада, жастар арасында Қ.Сатбаевтың өнегелі өмірі, жетістіктері мен еңбектері туралы интелектуалды ойын өтті.

Сайыстың нәтижесі бойынша:

Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі  БББ-ның 1 курс студенттері Бас жүлдені қанжығаларына байлады.

Одан өзге сайысқа қатысушы үміткерлерге ынталандыру сыйлықтары берілді.

🔹️Жиын соңы білім алушы жастардың концерттік бағдарламаларына ұласып,  көрермендердің жүрегінен орын алды.

🔹️Ұйымдастырушылар алқасы алдағы уақыттада бұндай іс-шаралар көптеп өткізетіндігін атап айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған