Алтайдың асқақ жыршысы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл.

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің Ақпараттық білім беру орталығында Оралхан Бөкейдің туғанына биыл 80 жыл толуына орай «Алтайдың асқақ жыршысы Оралхан Бөкейдің туғанына 80 жыл» атты әдеби кеш өткізілді.
Әдеби кештің мақсаты: Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығы туралы мағлұмат беру, туған жерге деген мақтаныш сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру, жазушының шығармалары арқылы адамгершілікке, жақсы қасиеттерге тәрбиелеу, әдеби кітап оқуға тарту.
Ақынның «Алтай» өлеңі және «Оңаша ойлар» атты өлеңі оқылды. Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетілді. Оған қоса, оқырмандар жазушының прозалық, драмалық шығармаларынан үзінділер оқып, өнерлерін ортаға салды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған