Ерекше студент оқырмандарға ерекше қызмет көрсету.

Бүгін оқу ордамызда «Ерекше студент оқырмандарға, ерекше қызмет көрсету»- атты «Ерекше жандар» күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараның мақсаты: Ерекше жандар, олардың түрлері, әлеуметтік жай – күйі жайлы студент жастардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру, студенттерді кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
Іс-шараны, университетіміздің Ақпараттық білім беру орталығының (Кітапхана) меңгерушісі Сұлтанбекова Клара Сырлыбайқызы бастап жүргізіп отырды.
Жиында алғашқы болып сөз алған тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Б.Қ.Садықов бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, тәлім мен тәрбиеге, студенттер арасында ерекше жандарға мейірімділік пен кішіпейілділік, бауырмалдылық көзқарастарын арттыру мақсатында бүгінгі іс-шараның маңыздылығы зор екендігіне тоқталып кетті.
Сонымен қатар, іс-шараға Шымкент қалалық, № 5 арнаулы-әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының музыкалық жетекші қызметкері,мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы яғни қоларба би жарысы бойынша Халықаралық жарыстардың 1-2 орын, Азия чемпионатының 1-ші орын , 2019 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегер иесі. Еліміздің мүмкіндігі шектеулі жандар арасында өтетін қоларба жарысы бойынша жеңіл атлетикадан 100-200-400 м қашықтықта жүгіруден 1 орын жүлдегер иесі Қалымбетов Ермек Жорабекұлы мен ұжымдасы Шымкент қаласының көрме орталығының әдіскері Қалиев Салих арнайы қонақ болып шақырылды.
Арнайы шақырылған қонақтарымыз өздерімен бірге әуезді әндерін арқалап, жастарымызға көтеріңікі көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар ұлы ғұламалар айтқандай «Тәрбиемен берілген білім- өлшеуі жоқ қазына» демекші Академик А. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің оқу-әдістемелік бөлімінің басшылығы мен ақпараттық білім беру орталығы білім беру бағдарламасы бойынша трансформациялау жүйесін кең ауқымды түрде дамытуда және аталмыш тақырыптағы іс-шаралар жүйесін кең ауқымды түрде өткізу жоспарда қарастырылған. Университет кітапханасындағы электронды базаларды ашық ресурстар мен мәліметтер базасын, электронды кітапхана бойынша бейне нұсқаулықтарды мультимедиялық технологияларды, және ақпараттық сауаттылықты жүргізіп, инклюзия бұрышы, коворкинг орталығы ерекше студент оқырмандарға, студенттерге ақпараттық білім беру орталығы ерекше қызмет көрсетуде.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған