Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттырдың тізбесін бекіту туралы семинар-кеңес.

Қайырлы күн құрметті әріптестер! Барлықтарыңызға белгілі Ғылым және жоғары білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің 2024 жылғы 5 қаңтардағы №4 бұйрығына сәйкес, Жоғары оқу орындарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарының тармақтарын жоғары оқу орындарының өкілдерімен талдаумақсатында, Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының орынбасары Еділханов Артур Жауханұлы, ZOOM платформасындағы семинар-кеңес өткізуіне байланысты, біліктілік талаптарын орындау мақсатында, университетіміздің оқу бөлімінің басшылығы мен Ақпараттық білім беру орталығының ұйымдастыруымен біліктілік талаптарының тармақтары № 2.1, 2.2, 2.3. және 2-ші және 8-ші қосымшалары, 1-ші қосымшаға ауысып, өзгеруіне байланысты, 1-қосымша кестесінің толтыру ережесі кафедра меңгерушілермен, кітапхана референттермен, профессор-оқытушылар құрамымен талқыланды.

1. Біліктілік талап.

2. Растайтын құжаттар.

3. Біліктілік талабы сәйкестігі қалай анықталады?

Және де басқа сұрақтар талқыланып семинар өткізілді.

Күні: 2024 жылғы 22 ақпан.

Басталу уақыты: сағат 15:30.

Нысаны: Ақпараттық білім беру орталығы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған