1 қыркүйек – Білім күні. “Кітапхана – білім ордасы” студент-оқырмандарға кітапхананы таныстыру.

Академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде 1-қыркүйек «Білім күніне» арналған мерекелік жиын өтіп, күз мезгілінің алғашқы күні ұйымдастырылған бұл мереке барша студенттерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады және оқу ордамыздың ақпараттық білім беру орталығы бірінші курс студенттеріне арнайы таныстыру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кітапханадағы ресуртармен әлемдік ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайлар жасау арқылы оқу орнында білім беру процесі мен ғылыми зерттеулерді қолдауды қамтамасыз етілгені туралы хабарландырылды.
Кітапхана қорында оқу – әдістемелік , ғылыми әдебиеттер, мемлекеттік, орыс және шет тіліндегі кітаптар, авторефераттар, мерзімді басылымдармен қамтамасыз етілген. Кітапханамыз 4 бөлімнен тұрады:
1. Әдебиеттерді жинақтау және ғылыми өңдеу, каталогтау бөлімі;
2. Анықтама библиографиялық бөлімі;
3. Автоматтандыру және электронды оқу залы,
4. Оқырманға қызмет көрсету бөлімі
– Абонемент
– Оқу залы
Кітапханада ақпараттық библиографиялық қызметтер ұсынылады. «Ақпарат күндері», «кафедра күндері», әдебиеттердің ғылыми көмекші тізімдерін жасап, жазбаша және ауызша тақырыптық анықтамаларды орындап, жаңа әдебиеттердің түсуіне қарай ақпараттық бюллитеньдер шығарылады, сондай-ақ жаңа түсілімдердің виртуалды көрмесі жасақталып, оқырмандарға таныстыру жұмыстары жүргізілді.
Құрметті студенттер, біз сіздерді әрқашан Кітапханамызда күтеміз.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған